Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, — делінген жарлықта.
Мұның алдында осы лауазымда отырған Мұрат Құсайынов президент жарлығымен қызметінен босады.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды, — делінген құжатта.