Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономика, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.
Еуразиялық экономикалық одақ және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сонымен бірге COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе айтылды.