Басты бетҚоғамҚостанай облысында екі апталық қатаң карантин енгізіледі

Қостанай облысында екі апталық қатаң карантин енгізіледі

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысында кейінгі уақытта облыста коронавирус жұқтыру бойынша эпидемиология жағдайы күрделене түскені айтылған. Осыған байланысты COVID-19-дың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында облыстық жедел штаб 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады, атап айтқанда:

  1. Қостанайда қаланың периметрі бойынша блокпостар орната отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;
  2. Коронавирустың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитария блокпостарын орнату;
  3. Жүк көлігі мен жолаушыларға Қостанай облысына ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салынсын, болмаған жағдайда адамдар тексерілу үшін 2 күнге госпитальге жатқызылады;
  4. Әуе жолаушыларында нәтижесі теріс ПТР анықтамасы міндетті түрде болуы керек (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);
  5. Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы 21.00-ден 06.00-ге дейін шектелсін;
  6. Қоғамдық көліктің жұмысына 06.00-ден 20.00-ге дейін толымдылығы отыратын орындар саны бойынша ғана рұқсат беру.
  7. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;
  8. Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, алайда ғимаратта келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және т.б. өткізбеу, 21.00-ден кейін тек алып кету және жеткізу жұмыс істейді. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу арқылы ғана жұмыс істеу;
  9. Такси қызметін 21.00-ден 06.00-ге дейін шектеу, жолаушылар саны 2 адамнан аспауы керек;
  10. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс режимге көшіру;
  11. Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру. Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу.