Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министрдің орынбасары ауылдық жерлерде ПТР сараптамасының жоқ екенін айтып, бұл мәселені тезірек шешуді тапсырды.
Ералы Тоғжанов қазан айының қорытындысы бойынша өңірде СOVID-19 жұқтыру дерегінің 3 есе көбейгенін айтты. Павлодар, Екібастұз және Ақсудағы эпидемиология жағдайын тұрақтандыру қажет деді.
Ведомствоаралық комиссияның төрағасы өңірдегі эпидемиология жағдайын тұрақтандыру бойынша облыс әкімдігіне 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды, атап айтқанда:
- Павлодар қаласының периметрі бойынша блокпост орнатуды;
- күн сайын 10-нан астам дерек тіркелген елдімекендерде санитарлық блокпост орнатуды;
Келесі бағыттар бойынша әуе қатынасын қысқартуды:
- Павлодар-Алматы аптасына 10 рейстен 5 рейске дейін;
- Павлодар-Нұр-Сұлтан 3 рейстен 1 рейске дейін;
- Павлодар-Шымкент аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін;
- Павлодар-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартуды;
- жолаушылар теміржол құрамдарының облыс ішінде аялдауына (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда) тыйым салуды;
- діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын сағат 20.00-ге дейін шектеуді;
- офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салуды;
- қызметкерлердің кемінде 80%-ін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді;
- 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медицина бұйымдарын сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;
Демалыс және мереке күндері:
- қоғамдық көліктің (трамвайлар, автобустар, маршруттық таксилер) жұмысын тоқтата тұруды; жабық және ашық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұруды;
- моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұруды;
- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тек тапсырыс берушіге жеткізу форматына көшіруді тапсырды.
Айта кетейік, мұның алдында 9 қарашадан бастап Көкшетау қаласының периметрі бойынша блокпост орнатылатыны хабарланған еді.