Басты бетМедицинаҚазақстанда бір...

Қазақстанда бір тәулікте 492 адамнан коронавирус анықталды

Жаңа дерек Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Мұнда 222 адамнан COVID-19 анықталды. Ал Қызылорда, Маңғыстау облыстарында коронавирус жұқтырған науқас жоқ!

4 қарашаның қорытындысы бойынша 6 науқас коронавирустан қайтыс болды.

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 114 235-ке жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 850(+25);
Нұр-Сұлтанда — 14 710(+35);
Атырау облысында — 11 326(+8);
Шығыс Қазақстан облысында — 10 940 (+222);
Қарағанды облысында — 10 642(+20);
Батыс Қазақстан облысында — 7 093(+29);
Шымкентте — 5 249(+8);
Алматы облысында — 5 195(+7);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 602(+32);
Павлодар облысында — 4 432(+50);
Жамбыл облысында — 4 203(+4);
Ақмола облысында — 3 862(+29);
Қостанай облысында — 3 704(+18);
Түркістан облысында — 3 419(+1);
Маңғыстау облысында — 3 405(+0);
Ақтөбе облысында — 3 341(+6);
Қызылорда облысында — 3 262(+0).

Коронавирустан жазылғандар статистикасы

Қазақстанда өткен тәулікте 246 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтанда — 46;
Алматыда — 10;
Ақмола облысында — 41;
Ақтөбе облысында — 5;
Алматы облысында — 7;
Атырау облысында — 17;
Шығыс Қазақстан облысында — 56;
Жамбыл облысында — 5;
Батыс Қазақстан облысында — 21;
Қарағанды облысында — 15;
Қостанай облысында — 7;
Қызылорда облысында — 10;
Павлодар облысында — 6.

Елімізде барлығы 107 139 адам COVID-19-дан айықты.

Ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 223 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 340 бала бар. 2 572 науқас стационарларда, 2 651 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 148 адамның жағдайы нашар, соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пневмония жұқтырғандар туралы дерек

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырудың 209 дерегі тіркелді, 1 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 64 науқас жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап пневмонияны 38 490 науқас жұқтырды, 406 науқас қайтыс болды, барлығы 28 963 адам жазылып шықты.