Тағы бір облыстан ПТР анықтамасыз шығуға тыйым салынды

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

9 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысынан әуе немесе теміржол көлігі арқылы шығатын жолаушылардың ПТР-тесті теріс нәтижемен болуы керек. Анықтама алған күннен бастап 3 тәулікке жарамды. 5 жасқа дейінгі балаларға бұл талап қойылмайды, — деді көліктегі бас санитар дәрігер.

Солтүстік Қазақстан облысы — ПТР анықтамасыз шығуға рұқсат етілмеген Қазақстандағы екінші өңір. Бұған дейін мұндай шектеу Шығыс Қазақстан облысында енгізілген еді.