Қызылорда өңірінің мониторинг тобы карантин талабының сақталуын қатаң бақылауда

Анықталған 785 карантин талабын бұзу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 36 600 150 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Карантин талабын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты және қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік сауда орындарына қатысты анықталған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікке қатысты — 14, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға — 367, ал нысандарға қатысы жоқ жеке тұлғаларға қатысты 404 әкімшілік хаттама толтырылған.

Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талабын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты анықталған, яғни  қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен, сонымен қатар шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.

Атап айтқанда, 278 дерек маска тағу ережесін бұзуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша 60, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша 29, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша 14 факті тіркелді.

02.11.2020 жылы облыс бойынша 6 карантин талабын бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 2 дерек қорғаныш құралдарынсыз қызмет көрссеткен жеке тұлғаларға қатысты болса, 4 дерек жеке тұрғын үйде көпшілік шаралар жасаған жеке тұлғаларға қатысты анықталды. Нәтижесінде 6 жеке тұлғаға 250 020 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Атап айтқанда Қазалы ауданында 4 жеке тұлғаға 166 680 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Себебі Әйтеке би кентнде орналасқан «Халықтық» дүкенінің сатушысы бетпердесіз халыққа қызмет көрсеткен және 3 тұлға  жеке тұрғын үйде үйлену, қыз ұзату тойларын өткізген.

Жалағаш ауданында «Ақжол» мейрамханасының персоналы халыққа қорғаныш құралдарынсыз (бетпердесіз) қызмет көрсеткен. Нәтижесінде бір жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 41670 теңгеге айыппұл салынды.

Сырдария ауданында жұмысшы топ жеке тұрғын үйде үйлену тойы өтіп жақандығын анықтап, кінәлі тұлғаға 41 670 теңге әкімшілік айыппұл салды.