Қызылорда облысында эпидахуал күрделенсе, қосымша 3 зертхана іске қосылуға дайын

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда облыстық ЖИТС және «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының ПТР зертханалары жұмысқа қосылуға дайын.

Қазіргі уақытта облыс бойынша барлық зертхананың бір күндік жалпы қуаттылығы 1820 анализді зерттеуге қауқарлы. Ағымдағы кезеңде COVID-19 анықтауға күніне 500-800-ге дейін ақылы және мемлекеттік тапсырыс бойынша сынамалар жүріп жатыр.

Жыл басынан бері облыс бойынша COVID-19 анықтауға барлығы 123 027 сынама (ақылы және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес) жүргізілді, оның 3262 коронавирустық инфекцияға оң нәтиже анықталды.