Басты бетҚоғамҚазақстан 57...

Қазақстан 57 елдің азаматтарына визасыз режимді жарты жыл тоқтатты

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия бірқатар шешім қабылдады:

І. Мына азаматтар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу:

  • ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
  • ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болатын шетелдіктер үшін.

Аталған санаттағы тұлғалар ҚР мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

II. Визасыз режим бойынша

57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылдың 1 мамырына дейін ұзарту.

Қытай Халық Республикасы мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту.

IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша

2020 жылдың 9 қарашасынан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.