Басты бетМедицинаҚазақстанда коронавирус...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр

Жаңа дерек елдің 13 өңірінде тіркелді. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында, мұнда кейінгі тәулікте 226 адамнан инфекция анықталды. Ал Шымкентте, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында COVID-19 жұқтырған бірде-бір науқас жоқ!

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 113 309-ға жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 802(+25);
Нұр-Сұлтанда — 14 644(+19);
Атырау облысында — 11 309(+7);
Қарағанды облысында — 10 606(+16);
Шығыс Қазақстан облысында — 10 521(+226);
Батыс Қазақстан облысында — 7 050(+13);
Шымкентте — 5 240(+0);
Алматы облысында — 5 175(+17);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 537(+34);
Павлодар облысында — 4 341(+40);
Жамбыл облысында — 4 195(+4);
Ақмола облысында — 3 805(+28);
Қостанай облысында — 3 669(+15);
Түркістан облысында — 3 418(+0);
Маңғыстау облысында — 3 405(+0);
Ақтөбе облысында — 3 330(+5);
Қызылорда облысында — 3 262(+0).

Жазылғандар туралы дерек

Қазақстанда өткен тәулікте 202 адам COVID-19-ды жеңді.

Нұр-Сұлтанда — 47;
Алматыда — 8;
Ақмола облысында — 5;
Ақтөбе облысында — 3;
Алматы облысында — 4;
Атырау облысында — 25;
Шығыс Қазақстан облысында — 49;
Жамбыл облысында — 4;
Батыс Қазақстан облысында — 7;
Қарағанды облысында — 20;
Қостанай облысында — 5;
Павлодар облысында — 25.

Елімізде барлығы 106 716 адам коронавирустан айықты.

Ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 732 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 344 бала бар. 2 482 науқас стационарларда, 2 250 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

161 адам ауыр жағдайда, соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.