Алматыда Халық қаҺарманы Роза Бағлановаға көше аты беріледі

ҚР “Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы” туралы заңының 13-бабына сәйкес, Алматы қаласының тұрғындарының пікірін ескере отырып, қала комиссиясының 2016 жылы 29 тамыздағы және ҚР үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2016 жылғы 23 қыркүйектегі ономастикалық қорытындысының негізінде көшелердің атауын өзгертуге шешім шығарылды:

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

Көкқайнар шағын ауданы Абай көшесін – Әзербайжан Мәмбетов көшесіне;

Әйгерім шағын ауданында – 1,2 Ленин көшесін – Василий Бенберин көшесіне;

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

Левон Мирзоян көшесін – Шафик Чокин көшесіне;

Алматы қаласы Бостандық ауданы:

8 желі көшесін – Ербол Сыпатаев көшесіне;

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

Көктөбе шағын ауданында Жамбыл Жабаев көшесін – Роза Бағланова көшесіне;

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

Қалқаман-2 шағын ауданында Мұхтар Әуезов көшесін – Байкен Әшімов көшесіне.

Аудан әкімдері мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге осы қаулыны жүзеге асыруға байланысты тиісті шаралар қолдану тапсырылды. Құжат әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске асырылады.

ДереккөзСпутник