Jýsan bank АТФБанкті сатып алады

Jýsan bank-тің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім аясында биыл қараша айында тараптар АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасайды. Сатып алу-сату шартын жасағаннан, оны ҚР қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдағаннан кейін АТФБанк акционері Jýsan bank  қосымша эмиссия шеңберінде Jýsan банк акцияларының бір бөлігін сатып алады.

Түрлендіру барысында АТФБанктің барлық сервисі жұмысын жалғастырады, клиенттер үшін АТФБанктің қолданыстағы қызметтеріне қолжетімді болады.

Jýsan Bank — First Heartland Securities инвестиция компаниясының еншілес ұйымы. Jýsan Bank, дәстүрлі банктік сервистердің кең желісінен басқа, Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін: Jýsan Invest брокер қызметтерін және  Jýsan Garant  сақтандыру қызметтерін біріктіретін өз экожүйесін дамытып жатыр, — делінген хабарламада.

АТФБанк  Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Өзінің 25 жылдық тарихында АТФБанк  бүкіл Қазақстан бойынша Private Banking клиенттері мен корпоратив секторға арналған банк қызметтерінің толық спектрін көрсетіп, әмбебап профильді дамытып келеді.