Абайдың «Қара сөздері» балалар суреттерімен безендірілді

Қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалар еліміздің мектептерінде, кітапханаларында тегін таратылады. Кітаптың лимиттелген басылымы көрші Ресейдің 20 қазақ мектебінде де қолжетімді болмақ.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында BAURZHAN Foundation жеке қайырымдылық қоры «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қорымен бірлесіп алғаш рет Қазақстанда «Қара сөздер» кітабының жаңа нұсқасын қазақ және орыс тілдерінде қайта басып шығарды. Көрнекті қайраткердің шығармасы 2020 жылдың ақпан-мамыр айларында Қазақстанда өткен республикалық байқаудың жеңімпаз балаларының суреттерімен безендірілген.

Кітапты қайта басып шығару Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты.

Жоба арқылы балалар мен жастарды шығармашылыққа тартып, ұлы ойшыл сөздерінің құндылығын әр адамға жеткізгіміз келді. «Қара сөздер» симбиозы және балалардың бұл туындыға деген еркін көзқарасы бізге бірегей өнім берді. «Қара сөздер» әрдайым өзекті болып қала береді, өйткені онда кез келген дәуірде маңызды болатын адами құндылықтар бар. Біз адамдардың бұл шығарманы қайта оқи отырып, ойы мен тұжырымын түсінгенін қалаймыз», — дейді Samruk-Kazyna Trust қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

"Қара сөздер" кітабы
Фото: BAURZHAN Foundation жеке қайырымдылық қоры

Абайдың әйгілі поэмасының басылымына барлығы 90 балалар суреті енген. Оның 45-і «қара сөздердің» әрқайсына иллюстрация түрінде безендіріліп, сөздің философиялық мағынасын ашады. Жеңімпаздардың суреттерінен басқа, «Қара сөздер» кітабына балалар салған ақынның портреттері де енген.

Ұлы Абай өзінің басты шығармасының әр жолында сөзді шебер қолданған. Ол халық шығармашылығы мен тұрмысын осы күнге дейін өзекті болып келген мағынасымен ұштастыра білді. Абай шығармаларын басқа тілге аударуда қиындық тууы мүмкін, сондықтан біз ойшылдың қара сөздерін 45 астарлы әңгіменің әрқайсына сүйенген балалардың суретімен біріктіру идеясын жүзеге асырдық, — деді BAURZHAN Foundation қорының жоба үйлестірушісі Саида Ибрагимова.

Кітаптың барлық 5000 данасы Қазақстан кітапханалары, балалар үйлері мен жалпы білім беретін мектептерінде тегін таратылады.