Қазақстанда полицейлер жалақасы көбейеді

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер саласы қызметкерлерінің жалақысы төмен екенін айтты.

Бұл — көптен бері қордаланған мәселелерді бірі. Президент Үкіметке 3 жыл ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30% көбейту туралы тапсырма берді, — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау керек екенін айтты.

Полицей
Фото: Akorda.kz

Президенттің айтуынша, тәртіп сақшыларына баспана жалдауға өтемақы ретінде 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі.