Президент 2021 жылы амнистия жарияланатынын айтты

Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлдем жол беруге болмайды.

Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жарияланатынын мәлімдеді.