Басты бетМедицинаҚазақстанда өткен...

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі бірден көбейді

Жаңа дерек Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Мұнда кейінгі тәулікте 139 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ал Маңғыстау облысында бірде-бір адамнан инфекция анықталмады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 111 100-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 693(+12);
Нұр-Сұлтанда — 14 510(+33);
Атырау облысында — 11 270(+4);
Қарағанды облысында — 10 532(+10);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 360(+139);
Батыс Қазақстан облысында — 6 992(+9);
Шымкентте — 5 231(+2);
Алматы облысында — 5 112(+5);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 400(+13);
Павлодар облысында — 4 196(+12);
Жамбыл облысында — 4 180(+3);
Ақмола облысында — 3 664(+10);
Қостанай облысында — 3 608(+7);
Түркістан облысында — 3 409(+1);
Маңғыстау облысында — 3 391(+0);
Ақтөбе облысында — 3 293(+2);
Қызылорда облысында — 3 259(+6).

Жазылып шыққандар статистикасы

Қазақстанда өткен тәулікте 176 адам коронавирусты жеңді:

Нұр-Сұлтанда — 34;
Алматыда — 15;
Шымкентте — 23;
Ақмола облысында — 26;
Ақтөбе облысында — 5;
Атырау облысында — 4;
Шығыс Қазақстан облысында — 13;
Батыс Қазақстан облысында — 17;
Қарағанды облысында — 21;
Қостанай облысында — 7;
Павлодар облысында — 5;
Солтүстік Қазақстан облысында — 6.

Елімізде барлығы 106 059 адам COVID-19-дан айықты.

Ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 201 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 287 бала бар. 2 289 науқас стационарларда, 912 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

117 пациент ауыр жағдайда, соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.