«Күн сайын 300-400 құжатқа қол қоясың. Әр қол қойған сайын бір мәселені шешіп отырасың. Бұл оңай дүние емес. Ал үйге келгенде теледидарды қосып көрсең, басқаның бәрін ұмытып кетесің. Ми жақсы жаңалық естіп, бір ғанибет күй кешеді. Ақпараттық құралдардың негізгі мақсаты – оқыту, үйрету болса керек. Жаңалықтармен қоса сөздік қорымызға жаңа сөздер қосып отырады. Мысалы, осы жердегі кей хабар жастардың арасындағы махаббат пен адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы.

Біз қиын-қыстау заманнан өттік. Тоқсаныншы жылдардың басында жағдай қиын болды. Бұрынғы саясаттың салдарынан жігіт-қыздарымыздың да жағдайы мәз болмады. Бұл тәжірибе өтті, кетті. Сол себепті, үнемі жастардың арасындағы қарым-қатынастың қандай болуы керектігін және үлкенді қалай сыйлау керектігін үйретіп отыруымыз керек», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Бір құдайшыл адам жұмаққа барыпты Бір күні сол жерге ет сататын көршісі де келген екен. Сонда әлгі сатушыға «Мен бұл жерге құдайшыл адам болған соң келдім, ал сен мұнда не үшін жүрсің?» деп сұрапты. Жігіт ойланып тұрып «Осы жақта қарт әке-шешем бар. Екеуі де онша жүре алмайды. Тамақтарын өздері іше алмайды. Күнде солардың тамағын ішкізіп, кірін жуып кетуші едім. Сол үшін жұмаққа келген шығармын» деп жауап берген екен. Ойлап қарасаңыздар, бұл әңгіменің тәрбиелік мәні зор. Біз – үлкендерді сыйлап өскен қазақпыз. Қарияларды қазына деп білген елміз. Ананы сүйіп, құрметтеген баламыз. Біз үшін ананың ақ сүтінен қадірлі ешнәрсе жоқ. Өзімнің бармайтын жерім жоқ.

Бұрын қарттар үйінде қазақтың қариялары болмаушы еді. Қазір керісінше қазақ қарияларымыз көбейіп кеткен. Жандарына отырып «Балаларыңыз бар ма?» деп сұрасаң, «Оны қайтесің, қарағым. Айтпай-ақ қояйын» деп жауап қайырады. Сол сәтте бәрі түсінікті дегендей басыңды изеп кете бересің. Ішің қатты ашиды. Ана мен әкеге жасаған жақсылықтарыңыз кейін өздеріңіздің балаларыңыздың алдынан шығатынын ұмытпаңыздар. Оларға жалақыларыңызды бөліп берудің қажеті жоқ, бес минут жандарында отырып, «әкем, анам» дегендеріңіздің өзі – керемет сый. Оларға бұдан артық ешнәрсе керек емес. Сендерге бір айтарым осы», – дейді елбасы.

6 пікір

  1. Біздің Президентіміз Супер. Нұрлан Қоянбаев недеген бақыттысың Елбасымен кездескен.

  2. Елбасымызғы мыңда бір рахмет, алтын уақытын түнгі студияға, көрермендерге бөлгені үшін

  3. Ел не десе сол десін мен Назарбаевты қолдаймын.сол кісінің ұтқыр саясатының арқасында біздің мемлекетіміз бейбіт өмір сүріп жатыр

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!