Kaspi.kz ұялы қосымшасының жұмысы қалпына келді

Kaspi.kz қосымшасындағы барлық сервис жұмыс істеп тұр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі Instagram-да хабарлады.

Келтірілген қолайсыздық үшін шын көңілден кешірім сұраймыз, сүйікті клиенттерімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз! ⁣29 қазан — 4 қараша аралығында Kaspi QR арқылы Kaspi Gold-пен және Kaspi Red-пен әр сатып алғаныңыз үшін 5% бонус сыйлаймыз, — деп хабарлады Kaspi.kz.

Банк арам пиғылы бар адамдардың жіберген жалған ақпаратына назар аудармауды сұрады.

Айта кетейік, бүгін, 28 қазанда Kaspi.kz ұялы қосымшасы жұмысында ақау болды. Банк ешқандай кибершабуыл болмағанын, клиенттердің ақшасы сақталатынын, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетілетінін хабарлады.