Басты бетҚоғамҚазанның соңғы...

Қазанның соңғы күндері жылы болады

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы 3 тәуліктегі ауа райына Солтүстік-батыс антициклоны әсер ететінін болжады.

Шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал аптаның басында республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады.

Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерде жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы көтеріледі, себебі республиканың бүкіл территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді.