Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, — делінген құжатта.

Нұрболат Айдапкелов 1979 жылғы 22 шілдеде Жамбыл облысында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит», 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылдан бастап 2002 жыл аралығында Статистика агенттігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМҚ-да жұмыс істеді.

2002-2003 жылдары Статистика агенттігінің жетекші маманы,

2003-2007 жылдары «Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның бас маманы, Қаржы департаментінің директоры,

2007-2008 жылдары «КАЗАгро «ҰҚ» АҚ-ның басқарушы директоры,

2008-2009 жылдары  «КазАгроГарант» АҚ-ның басқарма төрағасы,

2009 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін Astana Knowledge City АҚ консультанты,

2009-2011 жылдары Статистика агенттігі төрағасының орынбасары,

2011-2013 жылдары Статистика агеттігінің жауапты хатшысы,

2013-2014 жылдары Статистика агенттігі департаментінің директоры,

2015-2016 жылдары — коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.