Ең алғашқы толықметражды мультфильм

1926 жылы неміс режиссері Лотте Рейнигердің «Ханзада Ахмедтің шытырман оқиғалары» атты мультфильмі жарық көрді. Бұл — ең алғашқы толықметражды анимациялық фильм. Сюжет желісі бойынша батыр өз әпкесін зұлым сиқыршыдан құтқаруға тырысады.

«Ханзада Ахмедтің шытырман оқиғалары» силуэт анимация техникасын қолдана отырып түсірілген.

Приключения принца Ахмеда (отрывок)

Ең алғашқы дыбыстық мультфильм

1928 жылы 1 қыркүйекте Пол Терридің «Түскі уақыт» атты алғашқы дыбыстық қысқа анимация фильмі жарыққа шықты. Сонымен қатар дәл осы жылдың 18 қарашасында Дисней студиясының «Уиллидің пароходы» атты мультфильмі көрерменге жол тартты. Нәтижесінде Пол Терридің мультфильмі Дисней анимациясының көлеңкесінде қалып қойды, сондықтан қазір «Уиллидің пароходы» ең алғашқы дыбыстық мультфильм саналады.

Walt Disney Animation Studios' Steamboat Willie

Ең алғашқы үздік қысқаметражды мультфильм

1932 жылы «Үздік анимациялық қысқаметражды фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығы пайда болды. Бұл номинацияда Уолт Диснейдің «Гүлдер мен ағаштар» мультфильмі жеңімпаз атанды.

Мультфильмде жас үйеңкі мен кәрі емен ағашының сұлу көктеректің жүрегін жаулап алмақшы болып, оның сүйіспеншілігі үшін күрескені баяндалады.

Animation Silly Symphony Flowers And Trees Disney Movies   Movies For Kids   Animation6

Ең алғашқы толықметражды компьютерлік мультфильм

1995 жылы Джон Лассеттердің «Ойыншықтар хикаясы» атты алғашқы толықметражды компьютерлік мультфильмі жарық көрді. Бұл сондай-ақ 1996 жылы «Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша беделді Оскар сыйлығына ұсынылған алғашқы анимациялық фильм болды.

Ойыншықтар хикаясы
Дереккөз: Іtc.ua
История игрушек   анимационный фильм полный   новые фильмы

Ең алғашқы қазақ мультфильмі

Қазақ анимациясына – 53 жыл. 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш қазақ мультфильмі түсірілді. Оның авторы — Ұлттық өнер академиясының профессоры, режиссер-аниматор, қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров.

Автор алғашқы мультипликациялық туындысын шығармас бұрын қазақ аңыз-ертегілері мен қиса-дастандарын оқып, қазақ ауыз әдебиетіне үлкен зерттеу жүргізген. «Қарлығаш ұясын бұзуға болмайды» деген тыйым сөзді естіп өскен ол бірінші мульт туындысына халық ертегісін арқау етті.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Дереккөз: Kazakhfilmstudios.kz

Мультфильм музыкасын белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев жазды. Қазақтың тұңғыш мультфильмі ұлттық музыкалық аспап домбыра әуенімен әрленді. Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт кеткен екен. Туынды әлемнің 48 елінде көрсетіліпті.

Мультфильм 1968 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде ІІІ жүлдені иеленсе, 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк мультфильмдер фестивалінде «Кола Праксиноскоп» жүлдесін жеңіп алды.

Қарлығаштың құйрығы неге айыр.Казахфильм.Режиссер Амен Хайдаров.

Ең алғашқы көп сериялы Ресей мультфильмі

1969 жылы режиссер Геннадий Сокольскийдің «Ну, погоди!» атты алғашқы орыс анимациялық сериясының пилот бөлімі шықты. Бір қызығы, кезінде көптеген режиссер бұл мультфильмді жасаудан бас тартқан екен. Тек режиссер Котеночкин: «Мұның бір өзіндік ерекшелігі бар» деп жобаны қолға алған.

Ну, погоди! (Все серии подряд) Часть 1 [HD]