Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Манат Алмашева мәлімдеді.
Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Жалпы конкурс ережесі бойынша бес номинациядан тұрады. Атап айтқанда: «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы». Былтыр Қызылорда өңірінен байқауға 38 азамат қатысып, «Қайырымдылық тарихы» және «Асар» номинациялары бойынша екі азаматымыз бас жүлдеге ие болды. Биыл да белсенділердің легі көбейеді деген үміттеміз, – деді Манат Алмашева.
Айта кетейік , өтінімдерді іріктеу желтоқсан айында аяқталады. Ал конкурс жеңімпаздары 2021 жылғы ақпан айының соңында – Алғыс айту күнінде анықталады.