Қызылорда облысындағы 44 мектепте инклюзив кабинет ашылады

Биыл Жол картада көзделген міндеттерді орындау үшін 505 миллион теңге қаржы бөлініп, 47 балабақша логопедиялық пунктер және мамандармен қамтамасыз етілсе, 44 мектепте инклюзив кабинет ашылады.

Бүгінгі күні салаға жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, «Жол картасы» аясында инклюзивтік ресурстық орталықтар ашу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарын арнайы оқулықтармен қамтамасыз ету шаралары жүзеге аспақ.

Айта кету керек, өңірде мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайту бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, облыс мектептерінің 65%-інде жаңа модификациялық кабинеттер жұмыс жасап келсе, биылғы жылы 236 пәндік кабинеттер ашылады. Сонымен бірге 42 мектепке «3Д модельдеу» кешен жабдықтарымен толықтырылады.