Енді бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындары студенттері сияқты МӘМС аясында медицина көмегін тегін алады.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін «Электрон үкімет» порталында тіркеуден өтуі қажет. Кейін білім алушыға қатысты мәліметтер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Нәтижесінде студенттер МӘМС аясында жеңілдіктер санатына енгізіледі.
Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден әрекет жасап, олардың «Электрон үкімет» порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. Осылайша 10 күннің ішінде «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медицина қызметтерді тегін ала алады, — деп жазды білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық оқушылар мен студенттер міндетті медицина сақтандыруы аясында медицина қызметтерін тегін алады.