Бүгін, 27 қазанда президент жарлығымен Азамат Әмірғалиев Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматыда туған. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Еуразия инновациялық университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген.
1998 жылдан 2006 жылға дейін Әділет министрлігі құрылымында түрлі лауазымда жұмыс істеді.
2006-2009 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімінің меңгерушісінің орынбасары,
2009-2011 жылдары «Альянс Банк» АҚ корпоратив хатшысы,
2011-2019 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы, заң бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, заң бөлімінің меңгерушісі болды.