Президент Әділет министрлігінің жауапты хатшысын қызметінен босатты

Ол бұл қызметке былтыр наурызда тағайындалған еді.

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.

Мемлекет басшысы биылғы кезекті жолдауында Қазақстанда жауапты хатшылар институтын жою керек екенін айтты. Олардың міндеті министрлік аппараты басшыларына жүктеледі.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Әсем Нүсіпова мен Цирфлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы Әнуар Ахметжанов қызметінен босатылды.

Бірақ екеуі де жаңа қызметке тағайындалды. Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі, ал Әнуар Ахметжанов цирфлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды.