Ақорда сайтында Мемлекет басшысының “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойғаны хабарланды. Заң жобасы қоғамдық тәртіп пен қылмыстылықтың профилактикасын нығайту, ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімділік деңгейін арттыру және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін қалыптастыру бөлігінде бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

Бұған дейін Қазақстанда жергілікті полицияның 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтіні хабарланған  еді.

Әкімшілік полиция комитеті басшысының айтуынша, Жергілікті полиция қызметі туралы заң жобасының концепциясына сәйкес, оның құрылымына келесі бөлімдер кіреді: учаскелік полиция инспекторы және олардың көмекшілері, ювеналды полиция, аймақтық бөлімшелер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі, тұрғылықты жері жоқтарды және әкімшілік жазаланғандарды қабылдау-тарату бөлімшесі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!