Басты бетҚоғамЕкінші тоқсаннан...

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар мектепке барып оқиды

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Асқар Мамин карантин шектеулерінің сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысын сынады.

Үкімет басшысы ПТР сараптамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне бір апта ішінде жеке қорғаныш құралдарының бағасын төмендету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады:

I. Мектептегі оқыту бойынша

— екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшіріледі;

— ата-аналардың өтініші бойынша 1-кластан 5-класқа дейін, халықаралық мектептерде 7-класқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі. Санитария, дезинфекция, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.

II. Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша осы жылдың 2 қарашасынан бастап

— 30% дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитария, дезинфекция режимін сақтаумен);

— жұма намазын қоспағанда, мешіттерде намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 метр арақашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитария, дезинфекция режимін сақтаумен) рұқсат етіледі.