Алматыда кинотеатрлар жұмысына рұқсат берілді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрларды ашуға рұқсат берді.

Жандарбек Бекшин бүгін, 26 қазанда Алматыда коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы №64-қаулыға қол қойды.

Осы жылдың 26 қазанынан бастап кинотеатрлар қызметіне рұқсат беру. Толтырылуы 30%-тен аспайды, Infokazakhstan.kz порталында тіркелуге тиіс, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің № 57 қаулысының талаптарын сақтау, – делінген қаулыда.

Сонымен бірге 26 қазаннан бастап сенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс істейді. Мұнда да сыйымдылық 30%-тен аспауға тиіс және санитария талаптары сақталуы керек.

Жандарбек Бекшиннің қаулысын мына сілтемеден оқуға болады.