Қызылордада «Таза мекен» эко-акциясы өтті

Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.

Жасотандықтар бастамасымен басталған «Таза мекен» эко-акциясында еріктілер аула маңын қалдықтардан тазалап, қызу түрде жұмыс атқарды.

Акцияға жасотандықтар, жастар ресурстық орталығының белсенді жастары мен қала тұрғындарынан ұйымдасқан  50 ерікті атсалысты. Айта кету керек, бұл бір реттік шара емес, алдағы уақытта жүйелі түрде ұйымдастырылады.