Гүлшара Әбдіқалықова: Қызылорда облысына 271 миллиард теңге инвестиция алып келу жоспарлануда

2011 жылы Қызылорда облысында 11 миллион тонна мұнай өндірілсе, былтыр 5,6 миллион тонна ғана өндіріліпті. Биыл бар болғаны 4,2 миллион тонна өндіріледі.

Ашығын айту керек, басқа да көрсеткішіміздің төмендеу қарқыны байқалады. Ол – инвестиция, инвестор тарту мәселесі. Биыл 230 миллиардтай инвестиция тартамыз деп отырмыз, бірақ,ол өткен жылғыдан төмен. Бұл жерде де обьектив факторлар бар. Былтыр ауқымды республикалық жобалар болды. Мысалы, «Сарыарқа» газ құбыры, екі газ станциясы, сонымен бірге күн жылу электр станциясы салынды. Енді біз осы жыл мен келесі жыл үшін  қатар жұмыс істеудеміз. Пандемия кезінде, қарым-қатынас азайып, тіпті бір облыстан екінші облысқа қатынау қиын болған кезде көптеген мәселелерді өз өңірімізде, облыста шешу керек екенін түсіндік. Ауқымды талдау жасадық, экономиканың 24 бағыттағы саласы бойынша зерттелді, әлеуметтік жағдай сарапталды. Зерттеулер бойынша, ең қажет деген азық-түліктің 70-і, азық-түлік емес тауарлардың 35-і сырттан әкелінеді екен. Осы себепті, ойлана келе, өзіміздің экономикалық картамызды жасадық. Бұған «Атамекен» палатасы да қатысты. Осы жергілікті жердегі республикалық палатамен бірге пилоттық ретінде қарадық, — дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар қазіргі кезде 265 жобаны дайындалған. Облыс әкімінің айтуынша, бұл жобалар 271 миллиард теңге инвестиция алып келеді.