Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында көтерме-тарату орталықтары салынады

Өңірде көкөніс өнімдерін сақтайтын қойманы кеңейту мақсатында көтерме-тарату орталығы салынады. Ол үш жерде орналасады. Облыс орталығында және Жаңақорған, Шиелі аудандарында. Әр қайсысына 8 гектар жер бөлінді.

Сауда-логистикалық аймақ құру және көкөніс өнімдерін сақтайтын қойманы кеңейту бағытында шаралар қабылданды. Орталықты салуға жер телімі белгіленді. Енді құрылысына қатысты жұмыстар атқарылуда. Бастысы, өңірге қажетті өнім қоры жасақталып, көтерме бағада сатылады, – деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.