Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы 70% аяқталды

Құрылысы 70% аяқталды. Екі ғана мәселе қалып тұр. Балқыту ваннасы мен күйдіру пеші. Оған қазір мамандармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің тарапымыздан айналасындағы инфраструктурасы жасақталып беріледі. Вагондар келетін жол бар, соның барлығын жөндеп бітіруге дайынбыз. Қалған 30% жұмысы мамандар келсе, ол да біртіндеп аяқталады деп отырмыз, — деді облыс әкімі.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, елімізге жылына бағасы бір миллион доллар тұратын шыны сырттан келеді екен. Егер де отандық зауытымызды өндіріске енгізетін болсақ, сол бір миллион доллар өзімізде қалады, одан басқа, егер сыртқа сатсақ, тағы да кіріс кіргелі тұр.

Шыны зауытының айналасында 8 зауыт, ілеспе зауыт саламыз деп жоспарладық. 3 зауыттың жобасы, бизнес жоспарлары нақтыланды. Кәсіпкерлер қызығушылық білдіріп, қазір құжаттары әзірленіп болып қалды. Мысалы, шыныдан жасалатын ыдыстар. Екінші зауыт – айна жасау зауыты. Үшінші зауыт – шыны талшығы. Бұл құрылыста өте көп пайдаланылады. Бұл үш зауыттың өзі мысалы, 15-16 миллиард инвестиция тартады екен. Содан кейін Шалқия кен байыту жері бар. Ол жерде де қорғасын, мырыш өңдейтін өндіріс салынады. Бұл мәселеге қатысты қазір Самұрық-Қазынамен бірге жұмыс істеп жатырмыз. 8 млрд-қа жуық инвестиция тартылып, жұмыс басталмақ. Одан басқа, Арал өңірінде кальцийлендірілген сода зауытының барлық құжаттары дайындалды. Экология министрлігінің сауалы бойынша қалдықты сақтайтын қойма мәселесін, оның жобасын толығымен шештік. Қазіргі таңда кәсіпкерлер оны да бастауға әзір, – деді облыс әкімі.