Бұл циклон көп мөлшерде ылғал әкеледі.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерде нөсер жауады. Кейбір өңірде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік жартысында қар жауады. Аптаның тек ортасына қарай Батыс антициклон республиканың басым бөлігіне ауысып, температура төмендейді. Батыста 3 күн бойы жауын-шашын болмайды, — деп хабарлады «Қазгидромет».