Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Жаңа дерек Шымкенттен және Қызылорда облысынан өзге өңірдің бәрінде тіркелді. Коронавирус жұқтырған ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында(25), Нұр-Сұлтанда (23) және Алматыда  (15) анықталды.

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 110 542-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 662(+15);
Нұр-Сұлтанда — 14 433(+23);
Атырау облысында — 11 257(+3);
Қарағанды облысында — 10 500(+10);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 167(+25);
Батыс Қазақстан облысында — 6 966(+5);
Шымкентте — 5 225(+0);
Алматы облысында — 5 089(+8);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 364(+9);
Жамбыл облысында — 4 172(+3);
Павлодар облысында — 4 156(+12);
Ақмола облысында — 3 634(+14);
Қостанай облысында — 3 587(+6);
Түркістан облысында — 3 408(+2);
Маңғыстау облысында — 3 385(+1);
Ақтөбе облысында — 3 285(+4);
Қызылорда облысында — 3 252(+0).

Жазылғандар туралы мәлімет

Қазақстанда тағы 57 адам коронавирустан айығып шықты.

Ақмола облысында — 4;
Атырау облысында — 2;
Батыс Қазақстан облысында — 29;
Қарағанды облысында — 14;
Қостанай облысында — 1;
Павлодар облысында — 7.

Елімізде барлығы 105 675 адам COVID-19-дан жазылды.

Коронавируспен ауырып жатқандарға қатысты дерек

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 042 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 246 бала бар. 2 283 науқас, 759 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 119 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.