Елімізде ет шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Түлкібастық шаруалар жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін өркендетіп отыр. Солардың бірі, Түлкібас ауданынына қарасты Машат ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Е.Төлепбеков биылғы жылы аталған бағдарлама аясында 70 бас аналық ірі қара сатып алып, бүгінгі таңда ет бағытындағы ірі қара мал басын көбейтуде.
Ағымдағы жылы Түлкібас ауданында межеленген жоспар 265 бас ет бағытындағы ірі қара мал болса, 8 айлықтың қорытындысымен жоспар 113 пайызға орындалып, 299 басты құрап отыр.