Басты бетҚоғамТүркістанда 630...

Түркістанда 630 орындық аурухана салынып жатыр

Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Заманауи аурухана толықтай іске қосылса, 1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады. ⠀

Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ. Сонымен қатар ғимаратта жүрек-қан тамырлары реанимациясы, Коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады.

Одан өзге, жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері, 34 жалпы дәрігерлік амбулатория тұрғындар үшін қызмет көрсететін болады.

Көпсалалы облыстық аурухананың құрылыс жұмыстарын KAZPACO компаниясы жүргізіп жатыр. Ол үшін мердігер мекеме 1000-ға жуық жұмысшы жұмылдырған. Құрылыс екі ауысымда жүреді.