Басты бетЖаңалықтарЖурналистер Алматы...

Журналистер Алматы орталығына ағаш отырғызды

Қала әкімдігінің мәліметінше, Абай даңғылы бойына барлығы 175 ағаш отырғызу жоспарланған. Жаңа аллея Юрий Гагарин мен Таир Жароков көшелерінің ортасындағы саябақта ашылып, онда 30 ағаш егілді. Бұл аумақтағы желдің соғысын зерттеген мамандар мұнда талшын ағашын отырғызуға кеңес берген.

Фото: Тengrinews.kz/Әлихан Сариев

Талшын ағашының тамыр жүйесі үлкен емес, тамыры болашақта жер астындағы байланысқа тиіп кетпейді. Көп адам талшынды Алматымен байланыстырып жатады. Олардың өмір сүру уақыты ұзақ, 50 жылдан асады. Оның діңі де жақсы, ішінен шірімейді. Ағаш ауыра бастаса, ол бірден көрінеді де біздің мамандар дәл уағында қажет шара қолдана алады, — деді Жасыл экономика басқармасының жетекшісі Наталья Ливинская.

Аллеяға ағаш отырғызуға 11 редакция қызметкері, жалпы 165-ке жуық журналист қатысты.