Халықаралық әуе рейстерінің жаңа кестесі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық рейстердің жаңа кестесін жариялады. Кесте 2020 жылдың 26 қазанынан бастап жүзеге асады.

Халықаралық әуе рейстері 11 елге (Түркия (33 жиілік), Оңтүстік Корея (екі жиілік), Нидерланды (екі жиілік), БАӘ (16 жиілік), Беларусь (төрт жиілік), Германия (төрт жиілік), Украина (бір жиілік), Өзбекстан (екі жиілік), Египет (екі жиілік), Қырғызстан (екі жиілік), Ресей Федерациясы (екі жиілік) аптасына 70 рейс жиілігімен келесі бағыттар бойынша 20 маршрут орындайды:

1) Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (“Эйр Астана” – аптасына 3 рет, Fly Dubai-аптасына 3 рет);
2) Алматы – Дубай – Алматы (“Эйр Астана” – аптасына 5 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет);
3) Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (“Эйр Астана” – аптасына 3 рет);
4) Орал – Франкфурт – Орал (“Эйр Астана” – аптасына 1 рет);
5) Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (“Белавиа” – аптасына 4 рет);
6) Алматы – Киев – Алматы (“Эйр Астана” – аптасына 1 рет);
7) Алматы – Сеул – Алматы (“Эйр Астана” – аптасына 1 рет, Asiana Airlines-аптасына 1 рет);
8) Атырау – Амстердам – Атырау (“Эйр Астана” – аптасына 2 рет);
9) Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан (SCAT/”Эйр Астана” – аптасына 1 рет);
10) Алматы – Шарм-Эль-Шейх – Алматы (SCAT/”Эйр Астана” -“аптасына 1 рет);
11) Алматы – Ыстамбұл – Алматы (“Эйр Астана” – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 5 рет, Pegasus Airlines – аптасына 3 рет);
12) Нұр–Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан (“Эйр Астана” – аптасына 3 рет, Turkish Airlines-аптасына 3 рет);
13) Атырау – Ыстамбұл – Атырау (“Эйр Астана” – аптасына 2 рет);
14) Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент (SCAT – аптасына 2 рет);
15) Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау (SCAT – аптасына 3 рет);
16) Алматы – Анталья – Алматы (“Эйр Астана” – аптасына 2 рет, SCAT – аптасына 1 рет);
17) Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (“Эйр Астана” – аптасына 2 рет);
18) Алматы – Ташкент – Алматы (“Эйр Астана” – 1 жиілік, Uzbekistan Airways-1 жиілік);
19) Алматы – Бішкек – Алматы (“Эйр Астана” – аптасына 2 рет);
20) Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан (“Эйр Астана” – аптасына 1 рет, “Аэрофлот” – аптасына 1 рет).