Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандарға қатысты дерек

Жаңа дерек Ақтөбе, Қызылорда облысында тіркелмеді. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысынан анықталып отыр. Мұнда кейінгі тәулікте 25 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 250-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14627(+20);
Нұр-Сұлтанда — 14395(+22);
Атырау облысында — 11249(+8);
Қарағанды облысында — 10480(+16);
Шығыс Қазақстан облысында — 9115 (+25);
Батыс Қазақстан облысында — 6953(+10);
Шымкентте — 5222(+2);
Алматы облысында — 5069(+10);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4346(+10);
Жамбыл облысында — 4165(+2);
Павлодар облысында — 4131(+16);
Ақмола облысында — 3608(+10);
Қостанай облысында — 3575(+7);
Түркістан облысында — 3405(+5);
Маңғыстау облысында — 3378(+1);
Ақтөбе облысында — 3280(+0);
Қызылорда облысында — 3252(+0).

Қазақстанда 105 566 адам инфекциядан жазылды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 869 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 211 бала бар. Стационарларда 2 317 науқас жатыр. 552 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

Жалпы 124 науқастың жағдайы нашар. Соның ішінде 10 адамның ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.