Басты бетҚоғамҚырғызстанда президент және парламент сайлауы көктемге шегерілді

Қырғызстанда президент және парламент сайлауы көктемге шегерілді

Sputnik Қырғызстан порталының хабарлауынша, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров елдегі парламент сайлауын 2021 жылдың көктеміне — сайлау жүйесінің реформасы аяқталатын уақытқа ауыстыру туралы заңға қол қойды.

Біздің заң жобамыз Конституцияға қайшы келмейді. Сараптама жүргізілді, барлығы заңнамаға сәйкес. Заң жобасын қолдауды сұраймын, ол қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, — деді Садыр Жапаров.

Президент міндетін атқарушы баспасөз қызметінің хабарламасында құжат бірқатар жағдайға, сонымен бірге елдегі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қабылдануы керегі жазылған.

Жогорку кенеш депутаттарын сайлау мерзімі конституциялық реформадан кейін Қырғызстанның заңнамасына сәйкес 2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тағайындалады.

Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында, ал парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтетіні хабарланған еді.

ДереккөзTengrinews.kz