Солтүстікке көшетіндер үшін жәрдемақы 2 есе көбеюі мүмкін

Ел ішіндегі миграция үдерістерін реттеу ісінің тиімділігін арттыра түсу керек. Бұл ең алдымен азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты. Осы мәселе Ұлттық кеңесте бірнеше рет көтерілді. Оны кешенді түрде шешу үшін біріншіден, Enbek.kz — электрон еңбек биржасы базасында бірыңғай ақпарат ресурсын құру керек. Көшіп барушылар мемлекеттің көрсететін қолдауы жөніндегі барлық ақпаратты тікелей әрі жедел алуы қажет, — деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көшуге қатысты мәселелерді оңайлату қажет екенін айтты. Мемлекет мигранттарға барынша қолайлы жағдай жасауға тиіс.

Жақында жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысында болдым. Бұл өңір демография өсімі ең баяу аймақтың бірі болғанымен, қоныс аударушыларды тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Аймақта көшіп келушілерге арналған жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр. Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылым дамып, әртүрлі әлеуметтік нысан бой көтеріп жатыр. Мигранттарды ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін 2 есе, яғни 35 айлық есептік көрсеткіштен 70-ке дейін көбейткен жөн деп санаймын. Үкіметке бір ай ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауды тапсырмамын, — деді Президент.