Шығыс Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарды дамытатын «Азаматтық орталық» ашылды

Шығыс Қазақстан облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту жобасы жүзеге асып келеді. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында, Bugin association қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен іске асып жатыр. Оның аясында ШҚО үкіметтік емес ұйымдарын дамыту үшін «Азаматтық орталық» ашылды, сенім телефоны байланыста, консультациялық жұмыстар жүріп жатыр.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және Қазақстанның ҮЕҰ туралы мәліметтер базасы», «Үкіметтік емес ұйымдардың жарғылық қызметін тіркеу, жаңарту және кеңейту», «ҮЕҰ көшбасшыларының әлеуетін арттыру; әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту», «Фандрайзинг. Халықаралық және республикалық гранттар конкурстарына, ҮЕҰ сыйлықтарына, «Атамекен» кіші бағдарламасына қатысу», «ҮЕҰ жұмысына волонтерларды тарту және оқыту» тақырыптарында төтенше жағдай ережесін сақтай отырып семинар, тренингтер ұйымдастырылды.

Азаматтық орталық
Иллюстрация: Bugin association ҚБ

Азаматтық орталыққа келіп немесе онлайн кеңес алып, азаматтық қоғамның дамуына үлесіңізді қосыңыз.

Азаматтық орталық
Иллюстрация: Bugin association ҚБ

Азаматтық орталықтың мекенжайы: Семей, Б.Момышұлы 21. Сенім телефонының нөмірі: +7 708 111 41 96.