Өткен тәулікте Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус анықталды

Жаңа дерек елдің барлық өңірінде тіркелді. Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Мұнда кейінгі тәулікте 21 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 109 907-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 563(+11);
Нұр-Сұлтанда — 14 353(+15);
Атырау облысында — 11 232(+12);
Қарағанды облысында — 10 448(+16);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 070 (+21);
Батыс Қазақстан облысында — 6 935(+6);
Шымкентте — 5 219(+3);
Алматы облысында — 5 053(+11);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 326(+9);
Жамбыл облысында — 4 160(+2);
Павлодар облысында — 4 095(+12);
Ақмола облысында — 3 588(+9);
Қостанай облысында — 3 562(+5);
Түркістан облысында — 3 400(+1);
Маңғыстау облысында — 3 375(+2);
Ақтөбе облысында — 3 278(+5);
Қызылорда облысында — 3 250(+1).

Коронавирустан барлығы 105 385 пациент жазылды!