Жаңа оқу жылы басталғалы 250 оқушыдан коронавирус анықталды

Ажар Ғинияттың айтуынша, өткен аптамен салыстырғанда 12 өңірде науқас саны 2 есе өсті.

Науқастардың ең көбі Нұр-Сұлтанда, мұнда 125, Шығыс Қазақстан облысында 95, Алматыда 79, Павлодар облысында 79, Солтүстік Қазақстан облысында 74, Қарағанды облысында 69, Атырау облысында 58 жағдай тіркелді, — деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Сонымен бірге Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрлігі оқушылар арасында күнделікті мониторинг жүргізіп отырғанын айттты. Оқу жылының басынан бері 250 оқушыдан коронавирус анықталды.

Оның ішінде кезекші кластарда 105 жағдай тіркелді. 1 426 байланыста болған адам бар, олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды, қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді, 348 байланыста болған адамның ішінде 22 оң жағдай анықталды, — деді Ажар Ғиният.