Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр соңынан қар жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 22-24 қазан күндері жауын-шашын жауады, соңы қарға ұласады.

Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда апта аяғында бұрқасын болады. Түнде елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерде 3 градус аязға дейін төмендейді, — деп хабарлады мамандар.