Бақытжан Сағынтаев ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыруға қатысты пікірін Instagram-дағы парақшасында жазды.

Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы көптен күткен шешім қабылданды. Қолданыстағы қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы қоршаған ортаға күкірт тотығы мен күлдің бөлінуіне жол берілмейді. Ауаға бөлінетін азот тотығы мен көмірқышқыл газының мөлшері де едәуір азаяды. Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, – деп жазды Бақытжан Сағынтаев Inastagram-дағы парақшасында.

View this post on Instagram

21.10.2020 Көптен күткен Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды. Қолданыстағы қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы қоршаған ортаға күкірт тотығы мен күлдің бөлінуіне жол берілмейді. Ауаға бөлінетін азот тотығы мен көмірқышқыл газының мөлшері де едәуір азаяды. Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. —— Принято долгожданное решение о газификации Алматинской ТЭЦ-2. В результате реконструкции существующих котлоагрегатов будет исключено загрязнение окружающей среды оксидом серы и золой. До минимума снизится содержание оксидов азота и углекислого газа в выбросах. Завершить проект планируется до конца 2025 года.

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on

Мұның алдында Үкіметте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы мақұлданған еді. Қоғам пікірі ескеріліп, ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру туралы шешім қабылданды.