Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейді

Жаңа дерек Түркістан, Қызылорда облыстарында және Шымкентте тіркелмеді. Ал ең көп науқас Нұр-Cұлтанда (29) анықталды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 109 766-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 552(+13);
Нұр-Сұлтанда — 14 338(+29);
Атырау облысында — 11 220(+11);
Қарағанды облысында — 10 432(+16);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 049(+19);
Батыс Қазақстан облысында — 6 929(+5);
Шымкентте — 5 216(+0);
Алматы облысында — 5 042(+14);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 317(+8);
Жамбыл облысында — 4 158(+3);
Павлодар облысында — 4 083(+10);
Ақмола облысында — 3 579(+6);
Қостанай облысында — 3 557(+5);
Түркістан облысында — 3 399(+0);
Маңғыстау облысында — 3 373(+1);
Ақтөбе облысында — 3 273(+3);
Қызылорда облысында — 3 249(+0).

Қазіргі уақытта коронавирустан 2 662 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 181 бала бар. 2 145 науқас стационарларда, 517 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

91 адам ауыр жағдайда, соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.