Қызылорда дәріханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді

Тұтынушыларға дәрілік заттардың бағаларын QR-код арқылы көруге болатын ақпараттық парақшаларды Қызылордадағы дәріханалардың ақпараттық тақталарына ілу жұмыстары жүргізілді.

Егер дәріханадан сатып алынған дәрі-дәрмектердің бағасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген шекті бағадан асқан жағдайда жобалық кеңсесінің WhatsApp нөміріне +7 777 340 87 34 хабарласуға болады.