Синоптиктер биыл қыс жылы болатынын болжады

Қараша

Айдың бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады. Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, көктайғақ пен тұман жиі болады. Айдың бірінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі, таулы жерлерде ертерек болуы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

Бір ай бойы жылы күндер аязды күндерге ауысады, көбіне елдің солтүстік жартысында.

Осылайша, Қазақстанның көп өңірінде ауа температурасы норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында нормадан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында — нормадан 1°С төмен болады.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп, республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз болады деп болжанады.

Қараша айында қар жамылғысы пайда болады және қалыптасады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, қар жамылғысы қалыптасуының орташа күні:

солтүстік және шығыс аймақтарда — қараша айының ортасында,

Қазақстанның орталық бөлігінде — қарашаның екінші жартысында,

еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында — қарашаның соңында және желтоқсанның бірінші жартысында,

республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында — желтоқсанның үшінші онкүндігінде.

Қыс

2020-2021 жылдары қыс өткен жылғы қыстың сценарийі бойынша, яғни жылы және жауын-шашынға мол болады.

Өткен жылы қыста Қазақстан аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларын әкелетін батыс тасымалы жиі жүзеге асырылды. Жер бетіндегі қабатта белсенді циклон мен атмосфера фронттарының жиі өтуі байқалды, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде мол жауын-шашын жауды. Бұл процестің ең үлкен әсері елдің солтүстік-шығысында және орталығында байқалды, бірқатар терең циклондар өте қолайсыз ауа-райын әкелді: боранмен жиі және қатты қар жауды, олардың ұзақтығы 12-25 сағат, көріну қашықтығының нашарлауы 50 метрге дейін жетті, жел секундына 30-35 метрге дейін күшейді.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температура фоны климаттық нормадан 1-2°С жоғары, тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында  норма шамасында күтіледі.

Желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста аз түседі, ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік-батыс жартысында норма шамасында болжанады.

Наурыз

Көктемнің басы, атап айтқанда наурызда жылы және жауын-шашын мөлшері аз болады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық болжанады. Жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде нормадан аз, қиыр солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан обласының тауларда нормадан көп болжанады.